Абиров Сергали
Абиров Сергали
Мы помним о тебе! Скучаем по тебе!

Абиров Сергали — Стена памяти

Абиров Кобланды подарил(а):
Небо

Серғали Қамешұлына арнау Естігенде кең дүниеге сыя алмай, Жанарымын ан тамған жасты тия алмай. Аңтарылып сең соққандай мен тұрдым, Серғалиды өлді деуге қия алмай... Жігіт еді-ау сөйлеп тұрған арыстай. Бірін айтып, бірін күліп қалыспай. Біссімілләсін Жолманов деп бастайтын, Айтқанынды тыңдап алып жарыспай, Қалайғана еске аларсың күйінбей, Тіке айтатын сөздін тура биіңдей. «Скорыймен» жүретін-ді шапқылап, Жедел жәрдем көрінетін үйіндей. Хабарлассаң арсалаңдап жететін, Кейде жаннан ағызып кеп өтетін. Ем жайында бізден артық білеуші еді, Дәрігерге кейде ұқсап кететін. Бұның бәрі тек ісі ғой Алланың, Пенде көрер маңдайына салғанын. Туған күнге бір күн жетпей аттанды, Қара жерге кімдер қияды ардағын?! Шайқалғандай болды маған шаңырақ, Бір түрлі бол қалғандай ма қаңырап? Туыс, елің қимай-қимай қоштасты, Ұл-қыз, бауыр, Розаң жүр аңырап. Ауруыңжан қысқан босап жайландың, Үш жеріңнен ақ жіппенен байландың. Он үш метр тек еншіңе тигені, Бір үйінде топыраққа айналдың. Бір-біріне мұңын шағып айта алмай, Бір-біріне қимай қарап жаутаңдай, Туыс-жекжат, құда-қопсы, дос-жаран, Ауылға жүр, үйіне жүр қайта алмай. Енді үйіңе қара бұлт кеп төнбесін, Күліп тұрған көктегі күн сөнбесін. Қабырғалы қалың елің аман бол, Бұндай қайғы басымызға келмесін. Шаңырақта жақсылық болылайым, Ұрпағыңа ұзақ ғұмыр сұрайын. Болған істің арты болып қайрлы, Отбасыңды демеп жүрсін, Құдайым! Еске алушы: сыныптасың Тұрсын Өтесінұлы, Орал, 4 мамыр 2012ж.

Владелец страницы: Абиров Кобланды
Поделиться